Елорда тынысы
Алмалық көшесінің бір бөлігіне жөндеу жүргізіледі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Алмалық көшесі бойынша Д. Бабатайұлы көшесінен Болашақ көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Осыған байланысты 22-28 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес, іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.