Елорда тынысы
Қоғамдық кеңес отырысы өтеді
Алдағы аптаның бейсенбісінде Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
“Астана қаласы тұрғындарының назарына!
Қоғамдық кеңестің қарауына келесі нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:
- «Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы
30 қыркүйектегі № 237/32-VII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. - Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары туралы.
- Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 503-2647 «Елордада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына өзгеріс енгізу туралы.
- «Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы
13 мамырдағы № 108-958 қаулысының күші жойылды деп тану туралы. - Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы.
Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79.
Астаны қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы З. Ғайыпов”, – делінген хабарламада.