Заңсыз рәсімделген несиелер жойылады
Несие алудың жаңа жүйесі 1 қыркүйектен бастап жүзеге асады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың электрондық үкімет порталында несие алудан ерікті түрде бас тарту құқығы бар екенін еске салды, – деп хабарлайды
Тиісті норма биыл ақпанда заңды түрде енгізілді. ҚНРДА мәліметінше, бүгінде 461 мың азамат несие алудан өз еркімен бас тартуды ресімдеді.
“Заңмен 1 қыркүйектен бастап несие берушілердің несие алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу кезеңінде заңсыз ресімделген азаматтардың кредиттері бойынша борышты есептен шығару міндеті қосымша енгізіледі”, – деп хабарлады агенттік.
Бұдан басқа, 20 тамыздан бастап кклиентті биометриялық сәйкестендірусіз электрондық банктік қарыздар мен онлайн-микрокредиттер беруге тыйым салынды. Сол күннен бастап борышкерлер алаяқтық кредиттер бойынша тергеу іс-шараларын жүргізудің барлық кезеңіне сыйақы есептеуді және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндетті болады. Бұл ретте клиентке қойылатын талаптар клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тәсілмен қарызды ресімдеу дерегі анықталатын заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тоқтатылуға тиіс.