Қоғам

Жыл басынан бері 58,1 млн тонна көмір өндірілді

Биыл 7 айда 58,1 млн тонна көмір өндірілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылым министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Богатырь көмір», «Шұбаркөл көмір», еліміздің шығысындағы «Қаражыра» және Павлодар облысындағы «Майкөбен-Вест» кәсіпорындар көп көлемде көмір өндіреді. Жедел деректерге сәйкес, жоғарыда аталған және өзге де кеніштерде 7 айдың ішінде 58,1 млн тонна көмір өндірілді. Оның ішінде энергетикаға 32,3 млн тонна, ал коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,5 млн тонна көмір жеткізілді. Экспорт 15,8 млн тонна көмір көлемінде қалды»,- деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, халықты көмірмен дер уақытында қамтамасыз ету үшін жол картасы әзірленіп, жергілікті әкімдіктерге жіберілген.

«2024/2025 жылыту маусымындағы өңірлердің қажеттілік жоспары дайындалды. Көмір сатып алу процедурасын толығымен аяқтадық. Бюджеттік ұйымдар мен халыққа дайындау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазақстан темір жолы халыққа және коммуналдық-тұрмыстықсекторға көмір жеткізу үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз етеді. Аталған жоспарға сәйкес, биылғы жылыту маусымына көмір қажеттілігі шамамен 8,6 млн тоннаны құрайды. Оның 2,3 млн тоннасы – коммуналдық-тұрмыстық секторға, 6,3 млн тоннасы халыққа. 21 тамыздағы ҚТЖ деректеріне сәйкес, қазірдің өзінде 1 млн тонна жеткізілді. Өңірлер шегінде көмірмен қамтамасыз етулі көрсеткіші жылдық жоспардың 13 пайызын құрайды», — деді Тұрар Жолмағамбетов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button