Қала мен сала

Елордада 7 автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылды

Жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі — рұқсат етілген массаны бұза отырып, ауыр көліктердің өтуі. Мәселен, Астанада 6300-ге жуық самосвал тіркелген. Олар қала маңындағы 29 карьерден инертті жүктерді тасымалдайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жолдардың бұзылуын алдын алып, бақылау барысында адами факторды болдырмау мақсатымен автоматтандырылған өлшеу станциялары Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қосшы қалалары мен Қараөткел және Малотимофеевка кенттері жағынан қалаға кіреберіс жолдарда орнатылды.

Автоматтандырылған өлшеу станциялары қыркүйек айында іске қосылады. Қалаға кіретін барлық жүк көлігі адамның қатысуынсыз автоматты түрде өлшенетін болады.

Заң жүк көтергіштігі 12 тоннадан асатын автомобильдерді өлшеу станциялары арқылы өтуге міндеттейді, ал айналма жол арқылы жүріп өту немесе өлшеуден бас тарту сәйкесінше тіркеліп отырады. Бұл ретте Заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Өлшеу жұмыстары көлік құралдарының қозғалысы кезінде жүзеге асырылады.

Министрлік аталған шараларды жүзеге асыру арқылы автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын бұзылуы мен тозуын болдырмау, ауыр және ірі көлемді көлік құралдарының қозғалысын сапалы бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде орын алып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мәселелерін шешуге ниетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button