Елорда тынысы

«Жайлы қалалық орта» жобасы бастау алды

Астанада AMANAT партиясының ұйымдастыруымен «Жайлы қалалық орта» жобасы басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алматы ауданында өткен іс-шараға партияның Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек, сондай-ақ мәслихат депутаттары, партия және қоғам белсенділері мен тұрғындар қатысты.

«AMANAT партиясының Астана қалалық филиалы жанынан «Жайлы қалалық орта» жобасын бастап отырмыз. Жобаның мақсаты – аула тұрғындары арасында экомәдениетті қалыптастыру. Бүгінгі іс-шараға тұрғындар бала-шағасымен келіп отыр. Осылайша ата-аналар балаларына да қоршаған ортаны ластамай, таза ұстауға тәрбиелейді» — деді AMANAT партиясының Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.

Аталмыш жоба тазалық мәдениетін қалыптастыруды насихаттайды.

«Жайлы қалалық орта» жобасы аясында мұнда аулаларды тазалау, орындықтарды сырлау, балалар ойын лааңдарынының тозығы жеткен жерлерін жөндеу, жыртылған төсеніштерін жамау жұмыстары жүргізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button