Қазақстанда газ өңдеудің жаңа тәсілдері зерттелуде
Қазақстанда газ өңдеудің жаңа тәсілдері зерттелуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қолданыстағы ілеспе газды өңдеу технологиясын жақсартуға бағытталған ғылыми зерттеулер «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де жүргізілуде. Бұл Қазақстанда автогаз өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мәселе мынада, бүгінде елімізде табиғи газды алуға арналған көптеген қондырғылар бар, бірақ олардан автокөліктердің жанар-жағар майы үшін қолданылатын пропан мен бутанның бөлінуі әдетте 50%-дан аспайды. Сол себепті, бұл зерттеу Қазақстан үшін өте маңызды.
Жоба шеңберінде технологияларды қайта қарау, қолданыстағы жабдықтардың қолданылуын қайта бағалау, техникалық қайта жарақтандыру, газды өңдеудің оңтайлы схемасын әзірлеу жүзеге асырылады.
Зерттеу жұмыстары 2024 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
▪️Күтілетін зерттеу нәтижелері пропан-бутан экстракциясының тиімділігін арттыратын технологиялық шешімдерді әзірлеуді қарастырады. Сәтті болған жағдайда бұл нәтижелер кеңейтіледі және өзге де ГӨЗ ұйымдарында қолданылатывн болады. Бұл компания кірісін, демек, мемлекетке салық төлемдерін арттыруға мүмкіндік береді.
▪️ Жобаны «Самғау» ҒТБО қаржыландырылады. Бұл «Самұрық-Қазына» қоры жанындағы коммерциялық емес ұйым, ол қаржыландыру үшін ғылыми әзірлемелерді іріктеумен айналысады.