Мәдениет

Ата заң – балалар көзімен

Кеше Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында Ата Заң күніне арналған «Конституция – балалар көзімен» атты суретшілер көрмесі ашылды.

Аталмыш көрмені Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру дирекциясы ұйымдастырды. Оның мақсаты – балалардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін оятып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрмеде әртүрлі жас­тағы оқушылардың акварель, гризайл, гуашь, акрил, май, қарындаш графикасы, пастель және аралас медиа сияқты әртүрлі техникада орындалған шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Оған көркемсурет мектептері мен үйірмелерге қатысушы балалардың жалпы саны 200-ге тарта жұмысы қойылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button