Елорда тынысы
Астана су қоймасында екі балықшы жоғалып кетті
Кеше сағат 19:30-да 2001 және 2003 жылы туған екі ер адам балық аулауға барып, қайтып оралмағаны туралы хабар келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іздеуге Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кірісті. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасты.
Балық аулау әуесқойлары бүгін таңғы сағат 08:00-де табылды. Белгілі болғандай, түнде қатты жел оларды қарама-қарсы жағалауға шығарып тастағандықтан, олар өздігінен орала алмады. Сондай-ақ, оларда құтқару кеудешелері де, байланыс құралдары да болған жоқ. Кейін құтқарылғандар ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысының ТЖД судағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды қатаң ұсынады.