Мәдениет

«Қазақконцерт» әртісі — «WorldStars» жеңімпазы

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі Ербол Тәжібаев АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен «WorldStars» халықаралық таланттар олимпиадасына қатысып, бақ сынаған 3 номинациясында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Беделді байқау әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жетекші вокалистерге, талантты орындаушыларға өздерінің музыкалық жетістіктерін көрсетіп, өнерін әлемге паш етуге мүмкіндік сыйлайды. Ербол Тәжібаев Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде «Классикалық вокал» мамандығы бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алған.

Еліміздегі «Qazaqstan дауысы», «Topjargan», «Бес жұлдыз» және т.б. көптеген беделді республикалық байқаулар мен жобаларда керемет өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленген ерекше дарын иесі.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button