Елорда тынысы
«СКМ Девелопмент» өкілдерімен кездесті
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов «СКМ Девелопмент» компаниясының өкілдерімен кездесті.
«СКМ Девелопмент» компаниясы 2005 жылдан бастап көрші Ресейдің әртүрлі аймақтарында тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті басқарумен және дамытумен айналысып келеді. 2017 жылдан бастап компания Екатеринбургтегі тұрғын үй құрылысы саласында толық циклді жобаларды іске асыруда.
Мәслихат төрағасының айтуынша, қонақтар Астанада тұрғын үй жобаларын дамытуға қызығушылық танытқан. Жақын арада «Astana Invest» инвестицияларды дамыту орталығымен бірлесіп, ынтымақтастық жөніндегі одан арғы қадамдарды талқылау үшін Индустриялық парк пен «Аверс» үй құрылысы комбинатында көшпелі кеңес өткізілмек.