Қоғам

Елімізде тұмауға қарсы қанша вакцина бар?

Қазақстанда тұмауға қарсы «ГРИППОЛ+» екпесі сатып алынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«2024 жылғы 16 тамыздағы №7 қаулыға сәйкес, елімізде тұмауға қарсы вакцина егу биылғы 15 қыркүйектен басталады. Вакцинациялау үшін «ГРИППОЛ+» екпесі қолданылады, өндіруші — Ресей Федерациясы», — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

«СҚ-Фармация» ЖШС мәліметіне қарағанда, 2024 жылға 2 025 752 тұмауға қарсы вакцинаның көлемі сатып алынды, сондай-ақ 182 000 доза көлемінде қосымша тапсырыс берілді.

Айта кетейік, күз – иммунитеттің әлсіреп, жұқпалы инфекциялардың өршитін мезгілі. Сондықтан, дәрігерлер бұл маусымда ағзаға ерекше күтім қажет екенін үнемі айтып жүреді. 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button