Жастар арасында «Uly dala saryny» сыйлығына байқау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда «Fenomen Jas» жобасы аясында «Uly dala saryny» сыйлығы беріліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жобаның мақсаты – табысты жастар өкілдерін насихаттау және үздік жастар ұйымдарын ынталандыру.
✅Байқауға еліміздің 14 пен 35 жас (қоса алғанда) аралығындағы тұрғындары мен қоғамдық қызметте табысқа жеткен жастар ұйымдары қатыса алады.
Байқауға өтінімді келесі номинациялар бойынша беруге болады:
❇️«Үздік өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы – 2024»;
❇️«Үздік қоғамдық қызметкер – 2024»;
❇️«Үздік жастар ұйымы – 2024»;
❇️«Жастар үні – 2024»;
❇️«Үздік медиа – тұлға – 2024».
🗓Өтініштер 2024 жылдың 26 қыркүйегіне дейін қабылданады. Жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайды.
Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.