«Тамаша» телешоуы туралы сериал түсіріледі
Жаңа маусымда «Jibek Joly» телеарнасының көрермендеріне аты аңызға айналған «Тамаша» әзіл-сықақ театрының танымал нөмірлері мен актерлерінің сахна сыртындағы өмірі туралы сериал ұсынылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Биыл «Тамаша» телебағдарламасының эфирге шыққанына 45 жыл. Сериалда Қазақстанның мәдени мұрасы тізіміне енген шығармашылық ұжымның құрылу тарихы мен қалыптасу жолы көрсетіледі. Авторлар көрерменді Кеңес Одағы ыдырап, Тәуелсіздікке алғашқы қадамдар жасалып жатқан 90-жылдарға оралтпақ.
«Тамаша» шоуы тұңғыш рет 1978 жылы желтоқсанда қойылды. Жарқын телебағдарламаның негізін қалаушы – режиссер Лұқпан Есенов пен редактор Қойшығұл Жылқышиев. Театр сахнасында Құдайберген Сұлтанбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Лидия Кәденова, Мейірман Нұрекеев, Тоқсын Құлыбеков, Уайс Сұлтанғазин, Гүлбаушан Тілеубекова, Данагүл Темірсұлтановалар өнер көрсетті.