Мәслихат

100 мыңға жуық бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы кезекті  мәслихат отырысында талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Тамақтандыру, оқулықтармен қамтамасыз ету, қауіпсіздік, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелері көтерілді.
-1 қыркүйектен бастап 100 мыңға жуық бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі, қажетті 1,3 миллион оқулық сатып алынды. СЭС өкілдерінің мәліметіне сәйкес, бес мектепте үш ауысымдық оқыту жүргізілуде, бірқатар мектепте санитарлық тораптар мен спортзалдарды жөндеу қажет, кейбір мектептердің асханалары талаптарға сәйкес келмейді, – деді Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.
Жиында мектептердегі күзет компаниялары мәселесі де көтерілді, олардың жабдықталуы мен кәсіби деңгейін талдау қажет. Мәселе өте маңызды және жауапкершілікті талап етеді. Барлық ескертулерді оқу жылы басталғанға дейін жедел түрде түзетуді тапсырдым, алдағы уақытта мектептерде, оның ішінде тамақтандыру орындары мен күзет фирмаларына тексерулерді бастамалайды. Тапсырмалардың орындалуын бақылау, соның ішінде депутаттық корпусқа жүктеледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button