Басты ақпарат
Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бірлескен отырыс дүйсенбі күні таңертең басталады. Дәстүр бойынша онда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау жасайтын болады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.