Елорда тынысы
Алдағы үш күнде ауа-райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнде Астанада ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астанаға арналған ауа райы болжамы
Қазгидрометтің мәліметінше, 28 тамызда елордада жауын-шашынсыз бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 19-21 жылы.
29 тамызда жауын-шашынсыз көшпелі бұлттылық күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 20-22 жылы.
30 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 19-21 жылы.