Елорда тынысы

Нидерланды сарапшылары тәжірибелерімен бөлісуде

Астанаға келген нидерландылық сарапшылар су саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Шетелдік мамандар су тасқыны қаупін болжау тақырыбында семинар өткізуде. Іс-шара осы жылдың мамыр айында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дельфт су білімі институты (IHE Delft) арасында қол қойылған меморандум аясында ұйымдастырылды.

Семинарға Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, География және су қауіпсіздігі институтының және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының мамандары қатысуда.

Іс-шараның басты мақсаты – су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру. Семинар 30 тамызға дейін жалғасады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button