Өңірлік кадр резервіне іріктеу аяқталды
Астанада Өңірлік кадр резервіне іріктеу аяқталып, байқаудың жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іріктеуге 297 адам қатысты. Олар заңнаманы білуге, жеке қасиеттерді бағалауға және құзыреттерді анықтауға арналған ассессментке тестілеу кезеңдерінен өтті. Ең көп ұпай жинаған үміткерлер келесі кезеңдерге өтті.
Әңгімелесу кезеңіне 51 үміткер жіберілді.
Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында кандидаттармен әңгімелесуге қоғамдық ұйымдардың өкілдері және түрлі салалар бойынша сарапшылар қатысты.
Өңірлік кадр резервтеріне алынған тұлғалардың тізімі жобаның ресми сайтында жарияланды https://onir.pkrezerv.gov.kz/upload/results/stage_4/kk/Astana.pdf.
Өңірлік кадр резервінің міндеті талантты жастарды тарту және өршіл әрі креативті көшбасшылар мен жас басқарушылар пулын қалыптастыру болып саналады.
Өңірлік кадр резервіне алынған адамдар уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей-ақ орналаса алады.