Тұрақты комиссияның отырысы өтеді
Бүгін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
“2024 жылғы 29 тамызда сағат 11.00 Астана қаласы мәслихатының залында Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді
Күн тәртібі:
Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жүргізіліп жатқан шаралар туралы.
Баяндаушылар:
Гұмар Тәнірбергенұлы Шыныбеков – Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
Әлия Шайзадақызы Рустемова – «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы.
Қоса баяндаушылар:
Самат Сабырұлы Ибраев – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы.
Қасымхан Сенғазыұлы Сенгазыев – «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ басшысы.
Василий Алексеевич Левит – «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы.
Нұрдаулет Иманәліұлы Әлмұханов – «Астана қаласының Iшкі саясат басқармасы» ММ басшысы.
Отырыс 2024 жыл 29 тамызда сағат 11.00-де мәслихаттың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).
Байланыс деректері: 55-66-36, astana@maslihat01.kz.”, – делінген хабарламада.