Білім

«Беске дейін үлгер» мобильдік қосымшасы іске қосылады

Ата-аналарға балаларды ерте жастан күту және дамыту бойынша консультациялық көмек көрсету үшін «Беске дейін үлгер» мобильдік қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мобильді қосымша үйде бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық, тамақтану, тәрбие, дағдыларды қалыптастыру мен дамыту және өзара қарым-қатынас құру бойынша қолжетімді ақпарат ұсынады.

Қосымшаның мазмұны әлемдік институттардың нейробиологиялық зерттеулерінің ғылыми деректері негізінде әзірленген және біздің мәдени-тарихи құндылықтарымыз ескерілген.

«Қазіргі уақытта қосымша Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарымен бірлесіп пилоттық режимде сынақтан өтуде. Оны толық масштабтау қараша айында жүзеге асырылады. Сондай-ақ оның мазмұны сабақтарға арналған идеялар мен практикалық кеңестер ұсыныла отырып, консультациялық орталықтарда пайдаланылатын болады», — деп атап өтті Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Мобильді қосымша мектепке дейінгі ұйымдардың консультациялық пункттерінде қолжетімді болады. Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық көмек ала алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button