Елорда тынысы
“Өркеш көпір” толық пайдалануға берілді
Алаш тас жолының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 1 қыркүйектен бастап Алаш тас жолындағы көпір (“Өркеш көпір”) арқылы қозғалыс толық қамтамасыз етілетінін мәлім етті.
Бұған дейін көпірдің сол жағындағы қозғалыс жөндеу жұмыстарына байланысты автокөлік құралдары үшін жабылған болатын. Бүгінгі таңда жұмыстар аяқталды.