Білім

Білім күні 15 мектеп пайдалануға берілді

Астанада білім күні 28 000 оқушы орнына арналған 15 жаңа мектеп ашылды. Оның 9-ы “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынған. Мектептер жаңа технологиялар мен жаңа талаптарға сай жабдықталған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жайлы мектептер салудың негізгі мақсаты – оқушыларға арналған жаңа орындар ашу, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою. Естеріңізге сала кетейік, оқу орындары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын іске асыру аясында салынып жатыр.

Оқу орындарының ашылуына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

Оқу орындары 15 жаңа жайлы мектеп ашу есебінен екі ауысымда 28 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік берді.

Мәселен, 9 жайлы мектеп мына мекенжайларда орналасқан: Көктал елді мекені, Ұлытау-Наурыз көшелерінің қиылысы; А. Байтұрсынов көшесі, №9 үй ауданы («Highvill» ТК); Тельман елді мекенінің оңтүстік тұсы (Бағыстан); С-189 және 12-207 көшелері (Земляничная көшесі); Төле би және Е758 көшелері (Сеул және Зеленый квартал ТК ауданы); Орынбор және №37 көшелері («SOHO» ТК ауданы); Мәңгілік Ел даңғылы және Е497 көшесі (мешіт ауданы); Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы («Поколение» ТК); Төле би – 24 көшелері (Барыс Арена).

Елордада қазір 188 мектеп жұмыс істейді, оның 110-ы – мемлекеттік, 71-і – жекеменшік және 7-еуі республикалық мектеп, жалпы 282 150 оқушы қамтылған.

Желтоқсан айында тағы 8 мектеп (6-ауы – жайлы мектеп, 2-еуі – жекеменшік мектеп) пайдалануға беріледі.

Осылайша, 1 қыркүйекте пайдалануға берілген мектептер есебінен үш ауысымда оқитын бес мектептің (№27, 41, 71, 79, 89), тығыздалған төрт (№17, 59, 67, 75) мектептің мәселесі шешілді.

Жаңа оқу жылында Астанада бірінші сыныпқа 28 000 бала барды. Қала мектептерінде барлығы 282 мыңнан астам оқушы оқиды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button