Елорда тынысы

Қоқыс өрті жиіледі

Астанада дәл қазіргі сәтте қоқыс полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Қызыл жалын ел астанасының Байқоңыр ауданында тұтанған.

«Осы сәттерде ТЖМ өрт сөндірушілері Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағындағы қоқыстың өртін сөндіруде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Естеріңізде болса, кеше түнде Сарыарқа ауданы Кенесары көшесі бойндағы жұмыс істемейтін стадион аумағында да қоқыс жанған болатын.

ТЖМ күштерімен өрт 20 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button