Елорда тынысы

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ол «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталады.

Президент Жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ телеграм арналарында мәтін түрінде трансляция жүреді.

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Трансляцияны BAQ.KZ сайтынан көре аласыздар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button