Елорда тынысы

Әлеуметтік маңызды азық-түліктер арзандады

Жыл басынан бері Астанада ӘМАТ бағасы 0,9%-ға төмендеп, баға индексі 99,1% құрады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оған бірінші сортты бидай ұны, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті, қырыққабат, қант және тұз сияқты өнімдердің бағасының төмендеуі себеп.

2023 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 107,2% болатын.

Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ӘМАТ бағасының өсу қарқынын тежеу үшін жұмыс жүргізуде.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі өңірлердегі ӘМАТ-қа баға белгілеу мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді. Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңымен ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері енгізілген, сатушының маржасы өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушіден сатып алу бағасынан 15%-дан аспауы керек.

Жыл басынан бері Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментісауда қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін 305 кәсіпкерге әкімшілік шара қолданды, оның 40-ы – 3 миллион 205 мың теңге көлеміндегі айыппұл. Айыппұлға іліккен ірі сауда нысандарының ішінде елордадағы «Вкусмарт», «Galmart», «Астықжан» және «Десткий мир» сауда желілерінің дүкендері бар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button