Руханият

Абайтанудың өзекті мәселелері талқыланды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академия­сы» ғылыми-зерттеу институтында «Абай орталықтары және абайтанудың қазіргі өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталған іс-шараға әдебиеттанушылар, жас ғалымдар, студенттер және кітап сүйер қауым қатысты.

Іс-шараның мақсаты – ұлы ақынның әдеби мұрасын адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, мемлекет пен билік, тіл мен мәдениет бағыттары аясында жаңаша зерделеу. Ойшылды бәсекеге қабілетті қоғам құру мен интеллектуалды ұлт қалыптастырудың темірқазығы ретінде жан-жақты насихаттау.

«Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкір Абай академиясының бүгінгі күнде абайтану саласында еліміздің іргелі ғылыми-зерттеу инс­титуттарының қатарынан өзінің орнын алуға, ­Президент ­Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген міндеттердің сәтті орындалуын қамтамасыз етіп, еліміздегі абайтану орталықтарымен және белгілі абайтанушы ғалымдармен бірлесіп кешенді талдамалық зерттеулер жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2019 жылдан бастап «Абай академиясы» ҒЗИ қабыр­ғасында 80-нен астам ғылыми-танымдық еңбектер жарық көргеніне тоқталып өтті.

Оның айтуынша, 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тікелей қаржыландыруымен «Абай академиясында» арнайы жобалар аясында «Абай академия­сы» атты сериямен 23 академия­лық басылым оқыр­мандарға ұсынылды. 2021-2022 жылдары Абай мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің тапсырысы негізінде 48 ғылыми-танымдық кітап әзірленді. Ал 2023 жылы 12 ғылыми-танымдық еңбек дайындалып, ғылыми-зерттеу институтының зерттеу жұмыс­тарының сапалы әрі жоғары деңгейде іске асырылуына еліміздің абайтанушы ғалымдары, жетекші зерттеу­шілер, ғылым докторлары, профессорлар мен академиктер және «Абай орталықтары» өз үлесін қосты.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button