Мектепке дейінгі мекемелерде көптеген заң бұзушылықтар бар
Астана қаласы прокуратурасының тексеру нәтижелері бойынша мектепке дейінгі мекемелерде көптеген заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Балабақшаларда жалақысы заңсыз есептелген жалған қызметкерлер жұмысқа орналастырылған.
Анықталған жымқыру фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Демалыс кезеңінде мектепке дейінгі жеке мекемелердегі орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алу жағдайлары орын алған.
Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.
Жекелеген балабақшаларда мерзімі өткен дәрілік заттар сақталған, сондай-ақ құрамында сынап бар шамдарды сақтау және жою кезіндегі бұзушылықтар анықталды.
Қадағалау актілері бойынша бұзушылықтарды дереу жою үшін шаралар қабылданды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.