Миллион теңгелік шыққаны рас па?
Желіде номиналы 1 млн, 50 және 100 млн теңгелік банкноталардың видеосы тарап кетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Азат Бекболатов есімді желі қолданушысы түрлі купюралардың видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Бейнежазбалардың бірінде ер адам номиналы 1 миллион теңге болатын купюраны көрсетіп, оның ойынға арналғанын айтты.
Автор бұл кадрлар көпшіліктің назарын аударады деп күтпеген екен. Оның айтуынша, видеоның сипаттамасына әзіл видео екенін жазса да көпшілік арасында оны шын екен деп ойлағандар болған.
Ұлттық банктің баспасөз қызметі де видеодағы купюралар шынайы емес екенін баса айтты.
“Қазақстан банкноттарының сериясы мен номиналдары туралы барлық ақпарат nationalbank.kz сайтында қолжетімді”, – деп еске салды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.