Елорда тынысы

Қоғамдық талқылау өтеді

«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 жылғы № 505 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының нормалары мен талаптарына сәйкес қоғамдық талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жоспарланған іс-шара 2024 жылғы 5 қыркүйекте сағат 11:00-де Республика даңғылы 32 ғимарат мекен жайының 1-ші қабатында өтеді.
Заңды/жеке тұлғалардың өтініштері негізінде қаралатын мәселелер:
1. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» объектісін орналастыру бөлігінде ЕТЖЖ әзірлеу бойынша, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Абылай хан даңғылы 42, тапсырыс берушісі «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ.
2. «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, 1-13-17 қабат» объектісін орналастыру бөлігінде ЕТЖЖ әзірлеу бойынша, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Тәуелсіздік даңғылы мен Б. Момышұлы қиылысы ауданы, тапсырыс берушісі «Инград-1» ЖШС.
3. «3 қабатты аз қабатты тұрғын үй» объектісін орналастыру бөлігінде ЕТЖЖ әзірлеу бойынша, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Тельман тұрғын алабы, № 266, 267 уч., тапсырыс беруші И.И. Галамбець.
4. «Сквер» объектісін орналастыру бөлігінде ЕТЖЖ әзірлеу бойынша, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Балқантау көшесі мен Мерей жолының қиылысы ауданында, тапсырыс беруші «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ.
5. «320 орындық балабақшар» объектісін орналастыру бөлігінде ЕТЖЖ әзірлеу бойынша, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Майқайын, Балталы, Дауылпаз көшелерінің және Тарлан тұйық көшесінің квадратында, тапсырыс беруші «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ.
6. «Кіріктірілген балабақшасы бар, кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» объектісін орналастыру бөлігінде ЕТЖЖ әзірлеу бойынша, мекен-жайы: Астана қаласы, «Алматы» ауданы, А. Тоқпанов көшесі («Южный» ЖГИТК), тапсырыс беруші «BN-Trust Building» ЖШС.
Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде n.seitzhaparov@astana.kz электрондық мекенжайға немесе Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қабылданады» делінген хабарламада.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button