Мәслихат

Маңызды нысандар құрылысы талқыланды

Amanat партиясы Астана қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға Астана қаласы мәслихатының депутаты Мәдина Әжікенова, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Юсуп Келигов, бірқатар басқармалардың басшылары қатысты. 

Отырыс барысында елордадағы әлеуметтік нысандарындағы құрылыс жұмыстары мен созбалаңға салынған «Қазақстан» спорт кешені мен Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионның мәселесі көтерілді. Астана қаласы Құрылыс басқармасының мәліметінше, «Қазақстан» спорт кешенінің құрылысын аяқтау 2026 жылға жоспарланған. Жиында елордада салынып жатқан мектептер мен медициналық ұйымдар туралы, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру жұмыстары баяндалды.

Бүгінгі таңда елорданың мемлекеттік мектептерінде 214 371 оқушы білім алуда. Соның ішінде бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

98 мемлекеттік мектепте ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың жалпы саны 96 531 немесе 48% құрайды (оның ішінде 91 126 – 1-4 сынып оқушылары (94,4%), 5405 — 5-11 сынып оқушылары (5,6%). Биылғы шілде айында қалалық Білім басқармасы мен Астана медицина университеті оқушыларға арналған маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) ас мәзірін дайындады. Бұл мәзірде балалардың жасына сай тамақтануы (7-10 жас, 11-14 жас, 15-18 жас) ескерілді. Аталмыш мәзірмен қалалық Білім басқармасының ресми сайтында танысуға болады.

Құрылыс басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл бюджеттік-инвестициялық жобалар аясында Кирпичный тұрғын алабында 1200 орындық жаңа мектеп салынып, №17 және №27 мектептеріне 600 орындық қосымша ғимарат қосылды. Ал Үркер тұрғын алабында 900 орындық мектеп және №13, №41, №79, №83, №86 мектептеріне 600 орындық қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында биылғы оқу жылында 9 мектеп пайдалануға берілді. Желтоқсан айында тағы 18 600 орындық 9 мектеп, ал 2025 жылы 14 000 орындық 7 мектептің құрылысы аяқталмақ.

Балабақшалардағы орын тапшылығын шешу мақсатында 2029 жылға дейін 60 мемлекеттік балабақша салу жоспарланған. Биылдың өзінде әрқайсысы 300 орындық 10 балабақшаның құрылысы басталмақ. Оның 5-еуі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button