Денсаулық

Жаңа жоба жүзеге асады

Елордалықтардың саны 2035 жылға қарай 60 пайызға артады деп болжануда. Қазіргі таңда бас қалада амбулаториялық көмекті 47 емхана ұсынады. Оның 16-сы – мемлекеттік, 29-ы жеке және 2-уі ведомстволық. Емханалар 3 есе жүктемемен қызмет көрсетеді. Сондықтан медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту үшін Бірыңғай стандарт жобасы әзірленді.

Оның мақсаты – амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жұмысын тиімді ұйымдас­тыру, заманауи технологияларды дамыту және пациенттер үшін қолайлы орта құру. Жаңа жоба туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова мәлімдеді.

«Бірыңғай Стандартты әзірлеу барысында мәскеулік емханалар стандартын енгізу тәжірибесі, сондай-ақ Канада, Ұлыбритания, Швеция, Финляндия және Эстониядағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек тәжірибесі зерттелді. Жаңа жобаның негізі төрт қағидасы бар. Біріншісі, қолжетімділік – медициналық көмекті халыққа жақындату; екіншісі, сапа – медициналық көмек көрсету үдерістерін жетілдіру; Үшінші, технологиялар – цифр­лық ортаны дамыту; Төртінші, жайлы орта – ыңғайлы кеңістік құру» дейді Әлия Рүстемова.

Ал медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту үшін жаңа денсаулық сақтау объектілері салынады. Қалада алдағы 4 жылда 2 мемлекеттік емхана мен 5 жеке емхана салу жоспарлануда. Сонымен қатар, медициналық көмекті жақсарту үшін диагностикалық қызметтері бар емханалар жанынан Отбасылық медицина орталығын ашу. Бұл күту уақытын қысқарта отырып, мамандандырылған қызметтерге қолжетімділікті жақсартады. Диа­гностика мен емдеу сапасын арттыру үшін заманауи жабдықтар мен технологияларды енгізу қолға алынбақ.

Жаңа жобаның ең маңыз­ды бөлігі халықтың барлық санаттары үшін қолайлы орта құруды көздейді. Емханаларда мүмкіндігі шектеулі топтар мен балалары бар ата-аналарға арналған аймақтар, электрондық кезек және ауызсуға қол жеткізу, пациенттерге ыңғайлы болу үшін эргономикалық дизайн және түс навигациясын енгізу қажет.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің Бірыңғай Стандартын енгізу әлемдік үздік тәжірибелерге сәйкес келеді және Астанада медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған. Біз бұл жобаны қолдауды және оны бекіту үшін Астана қаласы мәслихатының қарауына шығаруды сұраймыз» деп атап өтті Әлия Рүстемова.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button