Елорда тынысы

Астанада жылу қашан беріледі?

Астанада күрең күз басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазіргі ауа температурасының орташа көрсеткіші +15°C болса да, нөсер жауын жиі жауып жатыр. Осы орайда тұрғындар көкейінде жылу беру маусымы қашан басталады деген сауал туындағаны анық.

Әкімдік ауа температурасы 5 күн қатарынан +10 градустан төмен болғанда ғана жылу қосылатынын мәлімдеді.

«Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Астана қаласындағы жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидаларына сәйкес, елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы бес тәулік ішінде +10°С және одан төмен болғанда басталады», делінген әкімдік жауабында.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК ұсынған ауа райы болжамына сүйенсек, алдағы 10 күнде ауа температурасы +10  градустан төмендемейді.

 

Сурет: pexels.com

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button