Елорда тынысы

Алаш қайраткерлері ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлын еске алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай елордада Қаламгерлер аллеясында орналасқан «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Іс-шараны Астана қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы ұйымдастырды.

Ескерткіш Астанада ең көркем жерлердің бірі – Жазушылар аллеясында орналасқан.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов, жазушылар, ақындар және қоғам қайраткерлері қатысты. 

Өз кезегінде Ерлан Каналимов бүгін ғалым, ағартушы, «Алаш» қозғалысының рухани көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні екенін атап өтті. 

«2017 жылы Үкіметтің қаулысымен 5 қыркүйекте Қазақстан халқының Тілдері күні ресми түрде бекітілді. Осыған байланысты бүгінде зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ЖОО студенттері Жазушылар аллеясында орналасқан «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды», – деді ол.

Сонымен қатар, елордада бірқатар тақырыпқа арналған іс-шаралар өтті. Оның ішінде «Жастар» театрында «Ахмет – ұлт ұстазы» атты танымдық кеш. Оған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері – Клара Төленбаева мен Ерлан Рысқали, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ибрагим Ескендір, ақын-айтыскер Мейірбек Сұлтанхан, сондай-ақ «Жастар» театрының ұжымы қатысты. 

Сонымен қатар, Тілдер күні аясында елордада дәрістер, Ашық сабақтар, білім беру конкурстары, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button