Елорда тынысы

Жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашылады

Астанада 15 мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елордада жаңа мектептер салу жұмыстары туралы мәлім етті.

«Биыл біз мектептердің рекордтық санын тапсырамыз. Мысалы, оқу жылының басында 15 мектеп есігін айқара ашты. Олардың тоғызы – Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында.

Аталған оқу орындары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік берді. Жаңа мектептердің арқасында оқыту 3 ауысымда жүргізілген 5 мектепте және оқыту режимі тығыздалған 4 мектепте мәселе шешілді.

Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартылады. Мысалы, «Сәби» қайырымдылық қоры қалаға жаңа мектеп сыйлады (Барыс Аренаның артында). Ғимарат №9 «Зерде» мамандандырылған лицейіне берілді.

Жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың алтауы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынуда. Мектептер қаланың барлық аудандарында орналасқан. Сондай-ақ алдағы жылдарға дайындалып жатырмыз», — деп жазды елорда әкімі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button