«Astana Finance Days 2024»: екінші күні өтуде
Астанада Еуразия өңірінің басты қаржы конференциясы – «Astana Finance Days 2024»-тің екінші күні өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығында 6 қыркүйекте «Astana Finance Days» (AFD2024) конференциясы жалғасуда. Бұл бүкіл Еуразия өңірінің қаржы саласының қазіргі заманғы проблемаларын, үрдістері мен мүмкіндіктерін талқылауға арналған диалог алаңы. Жыл сайын мемлекеттік органдардың өкілдері, қаржы саласының жетекші сарапшылары, инвесторлар мен бизнес-көшбасшылар – барлығы 3000-нан астам адам конференцияға қатысады, бұл оны Орталық Азияның қаржы саласының өзекті мәселелері мен үрдістерін талқылауға арналған негізгі платформа етеді.
Конференцияның алтын серіктестері – Visa, Freedom Broker, KAZ Minerals тобы, күміс серіктестер – Solidcore Resources, Eurasian Bank, MYD Production. Қола серіктестер – Eurasian Resources Group (ERG), Allur, Bitfinex Securities және ITS. Финтех-серіктес – Mastercard.
Биыл AFD 2024 конференциясы қаржы секторындағы озық технологияларды, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін және қаржының орнықты дамуға және қоғамдағы оң өзгерістерге әсерін талқылау мақсатында «Инновация. Инвестиция. Серпін» тақырыбында өтуде.
Екінші күні спикерлер қазақстандағы және өңірдегі қаржы институттарының инвестициялық әлеуеті мен рөлін, деректерді қорғауды және бизнесте жасанды интеллектті пайдалануды, Қазақстанда ерікті көміртегі нарығын құруды, капитал нарығын, қаржы саласындағы технологияларды, корпоративтік және бөлшек секторлар үшін исламдық қаржылық шешімдерді талқылайды. Сондай-ақ, қаржы орталығының қатысушылары үшін AIFC Community бастамасы аясында сессиялар өтеді.
Конференция аясында АХҚО-ның жаңа бастамасы – AIFC Business Club таныстырылады. Бұл топ-менеджерлерді, компания иелерін, прогрессивті бизнес-көшбасшыларды және инвесторларды біріктіретін ниеттестердің бірегей қауымдастығы. АХҚО бизнес-клубы тәжірибе алмасу, іскерлік байланыстар орнату, бизнесті өзара дамыту және инновацияларды қолдау үшін платформа құруға арналған. Клуб аясында тұрақты өткізілетін іс-шаралар, бизнес-кездесулер және нетворкинг-сессиялар, сондай-ақ клуб мүшелері үшін бірқатар эксклюзивті ұсыныстар көзделген.
«ЖИ дәуіріндегі құпиялылық: бизнес үшін өзгеріс үстіндегі сын-тегеуіріндер және табыстың бейімді стратегиялары» сессиясында (06.09., 10:00-11:00, Aiteke Bi Hall) жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану және АХҚО-да деректерді қорғау бойынша практикалық нұсқаулықты таныстыру жоспарлануда.
Бұл бастама АХҚО-ның Қазақстанда және одан тыс жерлерде қаржылық қызметтер көрсету үшін қауіпсіз және инновациялық орта құруға деген бейілділігін танытады. Жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып келе жатқандықтан, оларды қаржылық қызметтер саласына интеграциялау айтарлықтай мүмкіндіктермен қатар күрделі сын-тегеуріндерді де туғызады. АХҚО инновацияларды ынталандырып қана қоймай, дербес деректерді және жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін сенімді нормативтік-құқықтық база құру қажеттілігін түсінеді.
ЖИ-ды этикалық және қауіпсіз пайдалану кезінде басшылыққа алынатын нақты қағидаттарды белгілей отырып, АХҚО Қазақстанға халықаралық компанияларды көбірек тартуға ұмтылады және оларға инновацияларды қолдайтын және деректердің құпиялылығын қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық базаны ұсынады.
«Белдеу және жол» бастамасы: эволюция және болашақ» панельдік сессиясында (06.09., 10:00-11:00, Al Farabi Hall) АХҚО юрисдикциясында CDIC International компаниясының ашылғаны туралы жария етіледі. Бұл Чэнду қаласының (Сычуань провинциясының астанасы) және Орталық Азиядағы Батыс Қытайдың қаржы орталығының аймақтық кеңсесі, ол Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржылық ынтымақтастықтың үлкен әлеуетіне ие. CDIC International компаниясының негізгі мақсаты – Сычуань провинциясының компаниялары мен инвесторлары, Чэнду қаласы және Орталық Азия аймағының жобалары арасындағы трансшекаралық инвестицияларды ұлғайтуға жәрдемдесу.
Сондай-ақ, осы сессияда АХҚО қатысушысы емес аккредиттелген тұлға мәртебесін алғаны үшін TFI Securities and Futures Limited компаниясына сертификат тапсырылады. Бұл бағалы қағаздар және фьючерстік келісімшарттар бойынша брокерлік қызметтерді, сондай-ақ Гонконгтың бағалы қағаздар және фьючерстер жөніндегі комиссиясының реттеуімен инвестициялар бойынша консультациялық қызметтерді жүзеге асыратын Гонконгтың инвестициялық компаниясы.
АХҚО исламдық қаржыландыруды ілгерілетуге ұмтылады, бұған исламдық қаржы компанияларына бөлшек және корпоративтік секторларда жұмыс істеу үшін ұсынатын қолайлы шарттары дәлел бола алады. «Өсу мүмкіндіктерін кеңейту: Қазақстанда исламдық бөлшек қаржыландырудың әлеуетін ашу» панельдік сессиясында (06.09, 15:30-16:30, Al Farabi Hall) Ислам даму банкінің қолдауымен АХҚО және CSQ Law компаниясы дайындаған исламдық қаржыландыру жөніндегі елдік есептің таныстырылымы өтеді. Есепте алғаш рет 13 000-ға жуық респондент арасында исламдық қаржы өнімдеріне әлеуетті нарықтық сұранысты бағалайтын кең ауқымды нарықтық зерттеу нәтижелеріне негізделген деректер қамтылған. Есеп Қазақстанда исламдық қаржыландырудың дамуы туралы соңғы әрі жаңа мәліметтерді ашады және инвесторлар, саясаткерлер мен мүдделі тараптар үшін нұсқаулық болып саналады.
Ислам даму банкі институтының бас директорының міндетін атқарушы доктор Сами Әл-Сувайлем: «Біз осы маңызды бастамада АХҚО-мен ынтымақтасуға қуаныштымыз. Қазақстандағы исламдық қаржыландыру жөніндегі елдік есепте сектордың ағымдағы жай-күйі мен болашақ перспективалары туралы құнды талдау ұсынылған. Біз есеп АХҚО-да ұсынылған исламдық қаржыны дамытудың стратегиялық жоспарының саясаты жөніндегі ұсыныстармен бірге саясаткерлер, инвесторлар және қаржы мекемелері үшін олардың Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың бүкіл әлеуетін пайдалану жөніндегі жұмыстарында басшылыққа алуда маңызды рөл атқаратын болады деп санаймыз».
Сессиядан кейін АХҚО-да тіркелген Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығының салтанатты түрде іске қосылуы өтеді. Қауымдастық Қазақстанның исламдық қаржы және бизнес индустриясының мамандарын, кәсіпкерлерін, ғалымдары мен қатысушыларын біріктіру үшін, сондай-ақ осы салада білім беруді дамыту және қаржылық сауаттылықты арттыру үшін жетекші платформа болуы тиіс. Оның алғашқы мүшелерінің қатарында Alif Islamic Bank, ITS, Tayyab Finance, Harry Qelm Baabsman, Al Saqr Finance, Tansar Capital, ShariaConsulting AFC, Amanie Advisors Astana, CSQ Law Kazakhstan Branch және Outsource Directors болады.
«Қазақстан нарығында венчурлық капиталдың үздік практикаларын қолдану» панельдік сессиясында (06.09., 15:30-16: 30, London Hall) АХҚО Tech Hub және Tumar Venture Fund LP арасында инновациялық жобаларды қолдауға, стартаптарды дамытуға және Қазақстанның халықаралық инвестициялық экожүйедегі позициясын нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады. Тараптар стартаптарға арналған бағдарламаны бірлесіп әзірлеу және іске қосу, сондай-ақ инновациялық жобаларды қолдау үшін цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу туралы уағдаласады. Tumar Venture Fund LP осы бастамаларды жүзеге асыру үшін сарапшылық қолдау мен қаржылық ресурстарды ұсына отырып, консультант әрі венчурлық қор ретінде әрекет етеді.
AIFC Innovation Hub Tabys қосымшасының білім беру модулі – Tabys Education-ді таныстырады, ол бастапқы кезеңде бөлек жұмыс істейді, содан кейін оны негізгі Tabys мобильді қосымшасына біріктіру жоспарланған (06.09., 16:00-17:30, Hall D, С.4.3). Жаңа қосымша халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Tabys Education көмегімен пайдаланушылар қаржы негіздерін және жеке бюджетті тиімді басқаруды үйреніп, инвестициялау өнерін меңгере алады.
«Біз қаржылық сауаттылық барлығына қолжетімді болуы керек деп санаймыз. Tabys Education – бұл біздің Қазақстанның болашағына қосқан үлесіміз, мұнда әркім өз қаржысын сенімді басқара алады және капиталды көбейте алады», – деп атап өтті AIFC Innovation Hub директоры Қуаныш Дайырбеков.