Елорда тынысы
Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді
Бүгін Астана қалалық мәслихатында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
“Астана қаласы тұрғындарының назарына!
2024 жылдың 11 қыркүйекте сағат 15.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселе және нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:
- Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының 2022 жылғы 30 маусымдағы «Қаланың жасыл желектері мен су артерияларының жай-күйі, оларды паспорттау және цифрландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы» Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын іске асыру барысы туралы есебі.
- Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидаларын аңықтау туралы.
- «Астана қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 11-1383 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 11-963 қаулысының күші жойылды деп тану туралы.
- ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі ақпараты”, делінген хабарламада.