Елорда тынысы

76 қорап “Raffaello” тәттісінің көшірмесін сатпақ болған

Астанада “Raffaello” белгісі бар кондитерлік өнімдердің контрафактілік өнімі табылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласы Әділет департаментіне “Raffaello” тауар таңбасының құқық иесінің өкілінен арыз түскен. Өтініш негізінде кәсіпкерлік субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

“Тексеру барысында “Raffaello” белгісі бар кондитерлік өнімдердің контрафактілік өнімі табылды. Сондай-ақ өнімнің төмен сапалы ораудан дайындалғаны, барлық қаптамаларда сериялық нөмірдің бірдей екені және “Raffaello” тәттісінің түпнұсқасынан мүлдем өзгеше толтырылған сары түсті кәмпиттерінің бары анықталды. Тексеру барысында кәсіпкерден құны 110 200 теңге болатын 76 қорап “Raffaello” өнімі тәркіленді”, – деп мәлімдеді Астана қаласындағы Әділет басқармасы.

Құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот кәсіпкерге 30 АЕК (110 760 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button