Елорда тынысы

«JUMYSTAP.kz» іске қосылды

Биылғы тамыздан бастап іске қосылған «JUMYSTAP.kz» сервистік платформасына бір ай ішінде астананың 600-ден астам ірі және желілік жұмыс берушілері қосылды. Мұнда цех операторларының позициясынан бастап дизайнердің қашықтан жұмыс істеуіне дейінгі экономиканың барлық негізгі салалары бойынша қызметкерлер мен тапсырыс берушілерді іздеу туралы мыңнан астам хабарландыру ұсынылған.

Бастапқыда платформа тек JOLTAP жобасының түлектеріне арналған болса да, қала тұрғындарының өтініштері бойынша мұнда тіркелу барлық адамдар үшін ашық болып отыр.

Жаңа платформа жұмыс іздеуге өте ыңғайлы, өзі қалған жұмыс орнын тапқандар жұмыс берушілерге Whatsapp арқылы тікелей жаза алады. Бос жұмыс орындары қосылған сайын жаңартылады.

«Жоба ұйымдастырушыларына осындай мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтқым келеді. Мен көптен бері тігін шеберлігін игергім келіп жүрген. Қаңтар айынан бастап жаңа өмір бастауға шешім қабылдап, «Встреча» сауда үйінің жанындағы JOLTAP жобасының модульдік пункт­і­не бардым. Маған барлық қолдау шаралары бойынша кеңес беріліп, оқуға жазылдым, бірнеше айдан кейін оқу сыныбына шақырылдым. Сыныптар жоғары деңгейде жабдықталған. Бір ай бойы бізге тігін практикасы үйретілді. Бізді үнемі жоба тобы алып жүрді. Сертификат алғаннан кейін де маған платформада тіркелуге көмектесті. Платформа арқылы мен түрік-қазақ тігін фабрикасында бос орын барын біліп, осында екі аптадан бері жұмыс істеп жүрмін» деп бөлісті қала тұрғыны.

«JUMYSTAP.kz» платформасында JOLTAP жобасының түлектеріне 15 дағды бойынша – 7 цифрлық (SMM, сайттарды әзірлеу, бейнемонтаж, Графикалық дизайн, мобилография, маркетплейстердегі сауда, таргет) және 8 жұмыс дағды (тігінші, сәнгер-конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері, сатушы-кассир, электр газбен дәнекерлеуші) ұсынылды, бариста, аяқ киімді жөндеу) бойынша жұмыстар ұсынылған.

Платформа жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де ақысыз және комиссиясыз әрі делдалдарсыз. Хабарландырулар мен ізденушілер пулы бойынша ыңғайлы іріктеу қарастырылған. Платформа туралы барлық сұрақтар бойынша JOLTAP2 жобасының Call-орталығына хабарласуға болады: +7 707 221-31-31.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button