Мәдениет

Аспанымның астында өлең оқып…

Астанадағы «Қаламгер» аллеясында «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Аспанымның астында өлең оқып берейін» деп аталатын поэзия сағаты өтті.

Қоңыр күздің лебі ескен майда шуақ сәтте өткен поэзия кешінің иесі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Асантемір Қаршығаұлы елордаға биыл қоныс аударып келген еді. Ақынның жырын тыңдау­ға біраз адам жиналды, оның көпшілігі ақындар, қалам­герлер болды. Сондай-ақ Шахсана Момбекова, Гүлзада Теміртаева, Ақмарал Салметова атты өлең сүйетін қыздар да Асантемірдің өлеңдерін оқыды. Ақын ағалары Ғалым Жайлыбай, Серікзат Дүйсенғазы, Қалқаман Сарин, т. б. Асантемір інісіне жылы лебіз білдіріп, шығармашылық жолына ақ жол тіледі.

Шығармашылық ізденіс­тегі Асантемір Қаршығаұлы «Шынжыр» атты төртінші жыр жинағын шығарып үлгеріпті. Жаңа жинақтың таныстырылымы алдағы уақытта бас қалада өтеді деп жоспарланып отыр.

«Біраз адамнан сұрастырсам, ашық аспан астында ақынның жеке кездесуі өтуі алғаш рет екен. Көбіне кітап­ханаларда, театрларда өтеді ғой. Арқа терлетіп Арқаға келгеннен кейін өзімнің бар екенімді білдірейін деп кітапхана басшылығына айтқан едім, олар ойымды құптады» деді ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button