Елорда тынысы

Астанада түнгі автобустардың жүруі тоқтатылады

Астанада түнгі автобустардың жүруі тоқтатылады, деп хабарлайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Астанада оқу жылының басынан бері күндіз жолаушылар ағынының артуына байланысты, сондай-ақ қарапайым қалалық маршруттарда түнгі автобустарды пайдалану тиімдірек болатынын ескере отырып, түнгі маршруттардың қозғалысын сенбі, 14 қыркүйек, жексенбі, 15 қыркүйекке қараған түні тоқтату жоспарланып отыр.

Айта кетейік, іске қосылған сәттен бастап № 201, 202 және 203 түнгі маршруттар 21 116 жолаушыны тасымалдады.

№ 201 маршрут 10 534 жолаушыға қызмет көрсетті. № 202 бағыт 5 061 жолаушыны, № 203 маршрут 5521 жолаушыны тасымалдады.

Салыстыру үшін, осы кезеңде бір қалалық маршрут орта есеппен 500 мыңға жуық жолаушыны тасымалдады.

Келесі жылы астаналықтар үшін түнгі маршруттардың жұмысын жоспарлау үшін сауалнама шығарылды: https://forms.gle/W2prRAUYVjzBW4PP9.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button