Елорда тынысы

Полицейлер астаналық азаматқа алғыс айтты

Полицейлер қылмыскерлерді ұстауға көмектескені үшін астаналық азаматқа алғыс айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елорда тұрғыны өз пәтерінің балконынан екі белгісіз адамның аулада есірткі жасырып жүргенін көріп қалғанын хабарлады.

Ер адам полицияның “102” арнасына жедел хабарлап қана қоймай, екі есірткі курьерін ұстауға да өз бетінше қатысты. Тексеру барысында жалпы салмағы 54 грамнан асатын мефедрон синтетикалық препаратымен 67 түйіншек тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталғандар Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды.

Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркеш Калыков қала тұрғынына белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс хат табыстады, сондай-ақ қылмыскерлерді ұстауға көмектескені үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, егер сіз есірткі және психобелсенді заттарды сақтау, өткізу фактілерін, сондай-ақ оларға қатысы бар адамдарды білсеңіз, Астана қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына хабарлай аласыз: күндізгі уақытта 71-63-93, тәулік бойы 8-777-771-63-93 немесе 102. Анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Тек бірге ғана біз Қазақстанның болашағын есірткісіз құрай аламыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button