Қоғам

Қазақстандықтардың 60,4 пайызы АЭС салу идеясымен келіседі

«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» Жеке қоры КӘЗИ ҚҚ 2024 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында халық арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнама ҚР заңнамалық нормаларын сақтай отырып жүргізілгені мәлім болды. 17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысқан сауалнама ауқымы 1000 респондентті қамтыды.

Сауалнама анкетасына «Сіз АЭС салу бойынша референдумға қатысасыз ба?», «Қазақстанда АЭС салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады?», «Сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?» деген сұрақтар енгізілді.

Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, «Міндетті түрде барамын» (35,6%) және «Мүмкіндігінше баруға тырысамын» (20,2%) нұсқаларын таңдаған респонденттердің үлесі жалпы іріктеменің 55,8 пайызын құрады. Осылайша, сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам референдумға баруға дайын екендігін көрсетті. Сауалға қатысқандардың оннан бір бөлігінен астамы (12,2 %) «референдумға қатыспаймын» деп жауап берген. Алдын ала жасалған болжамға сәйкес, референдумға қатысу/қатыспау туралы «әлі бір шешімге келмеген» респонденттердің үлесі жоғары болды (16,6%). Сауалнамаға қатысқандардың 13,6%-ы «бұл жаңалықты бірінші рет естіп отырмын» деп жауап берген. Респонденттердің аз бөлігі (1,8%) бұл сұраққа «жауап беруге қиналамын» деп көрсеткен.

«Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады?» деген сұрақта пікірлер эмоционалды ұстанымнан бастап толығымен прагматикалық дәлелдерге дейін құбылады. Мәселен, «азаматтардың денсаулығына әсер етуі ықтимал» және «экология­ға әсер етуі ықтимал» деген эмоционалды пікірлері бар жауаптарды таңдау тиісінше 59,5% және 54,1% құрады. Бұл, ең алдымен, желіде АЭС салу ықтималдығы туралы алғашқы ақпарат пайда болған сәттен бастап мұндай жобалардың қауіптері туралы әртүрлі пайымдар тарала бастағандығына байланысты болуы мүмкін.

«Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа келісетіндердің үлесі 60,4% құрады. Сауалнамаға қатысқандардың 30,1%-ы АЭС салу идеясын қолдамайды. Сауалнамаға қатысқан әрбір оныншы адам (9,5%) атом электр станциясының құрылысына қатысты сұраққа жауап беруден бас тартқан. Зерттеудің жалпы қорытындысы мынадай:

– Респонденттердің 55,­8%-ы
өз азаматтық ұстанымын көрсетуге және АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беруге ниет танытты;

–  АЭС құрылысын қолдау­шылардың үлесі 60,4%.

Жүргізілген социология­лық сауалнама нәтижесінде әрі қарай жария түсіндіруді талап ететін экологиялық және техникалық қауіпсіздік критерийлерінің контуры межеленді. Атап айтқанда, халық денсаулығы мен қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ құрылыс­тың техникалық жағы және атом станциясының болашақ жұмысшыларының кадрлық құрамының кәсібилік деңгейі туралы алаңдайды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button