Жаңа Қазақстан

Билік және қоғам: сындарлы диалог

– Мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты одан әрі дамыту үшін барлығымыз адал, объективті, заң аясында әрекет етіп, өз сөзіміз бен ісімізге жауапты болуымыз қажет. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру жайында өзінің жыл сайынғы Жолдауында Мемлекет басшысы осы және басқа да маңызды мәселелер туралы айтты.

Осыдан тура бес жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын ұсынды. Сол уақыт ішінде қоғам мен билік арасындағы өзара іс-қимыл мәдениеті өзгерді. Пікір білдірудің және әртүрлі диалог алаңдарының жеткілікті тетіктері пайда болды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей байланысы қалыпты жағдайға айналды.
Осы тұрғыда Астана мәслихаты бар күш-жігерін салуда – елорда тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізілуде, азаматтарды қабылдау мәслихаттың Қоғамдық қабылдауында ғана емес, депутаттар сайланған партиялардың, сондай-ақ жұмыс орындарында да жүргізілуде. Әр апта сайын еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіліп, депутаттардың кері байланыс үшін байланыс нөмірлері жарияланады. Азаматтардың өтініштері жедел шешілуі үшін үнемі талдау жүргізілуде.

Ерлан КАНАЛИМОВ, Астана қаласы мәслихатының төрағасы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button