Елорда тынысы

Этноауылдарда финалдық концерттер өтті

Астана этноауылдарында өткен финалдық концерттер аясында цирк нөмірлері қойылып, қуыршақ театрлары өнер көрсетіп, спорттық жарыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

14 қыркүйекте Астанада «Қазақ елі» монументінің, «Ататүрік» саябағы, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумағындағы 4 этноауылда отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламалар өтті.

Концерттік бағдарламалар басталғанға дейін қонақтар мен тұрғындар үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін өнер көрсетті.

Ауданның этноауылында «Наз» би театры мен елордалық цирк әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Алматы ауданында «Қазақ елі» монументінің жанындағы этноауылда Әзербайжан Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының әртістері өнер көрсетті.

Байқоңыр ауданындағы «Ататүрік» саябағы аумағында этноауыл ұйымдастырылды. Сағат 18.00-ден бастап этноауыл аумағында қуыршақ театры мен елордалық цирк әртістерінің қатысуымен «Балаларға базарлық» балалар бағдарламасы өтті. Әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.

Нұра ауданында «Жастар» сарайының аумағындағы этноауылда әртістердің қатысуымен сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін концерттік бағдарлама өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам спортшы қатысты.

Елордада 5 этноауыл ұйымдастырылып, 13-14 қыркүйекте жұмысын аяқтады. Бәйтерек монументінің жанындағы Есіл ауданының этноауылы жұмысын 15 қыркүйек күні аяқтады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button