Елорда тынысы

Мәслихаттың кезекті сессиясы шақырылды

Астана қаласы мәслихатының сегізінші  шақырылымның кезекті сессиясы шақырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылым депутаттарының назарына!

2024 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10.00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  шақырылымының кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

  1. Астана қаласында саябақтар мен скверлерді кешенді көгалдандыру, абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
  2. Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
  3. Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы.
  4. Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы.
  5. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
  6. «Астана қаласында студенттік жатақханалар салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау  туралы.
  7. 7. Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы  туралы.
  8. Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Каналимов

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36″, — делінген хабарламада.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button