Елорда тынысы

«Бірлік пен келісім – әділетті Қазақстанның басты құндылықтары»

Астана қаласындағы Достық үйінде «Бірлік пен келісім – әділетті Қазақстанның басты құндылықтары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ұйымдастырды.

Конференция жұмысына ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚХА мүшелері мен қоғамдық құрылымдары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері және шетелдік сарапшылар қатысты.

Айзада Құрманова өз сөзінде Әділетті Қазақстанды құру стратегиясы аясында этносаралық келісім мен ұлт бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды шешімдер мен ұсыныстарды атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтарға ерекше назар аударды.

Конференцияның негізгі тақырыптарына этносаралық қатынастар және ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мәселелері кірді. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін инновациялық тәсілдер мен цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, этнодемографиялық өзгерістерді мониторингтеу және болжау әдістері, олардың мемлекеттік саясатқа әсері және этносаралық саланы одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Конференция елдегі бірлік пен келісімді нығайту бойынша тәжірибе алмасу және ұсыныстар әзірлеуге арналған маңызды алаңға айналды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button