Қоғам

Астана қаласының ардагерлері бас қосты

1-қазан-халқаралық қаттар күні. Осыған орай Астана қаласы Байқоңыр ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Отбасы және неке институтының әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында үлгілі отбасылармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге 40, 50, 60 жыл бір бірімен отасқан ата-апалар және студент жастар қатысты.
Ұйымдастырушылар «Астана қаласының әкімінің 2023-2025 жылдар аралығына арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру» егде жастағы азаматтардың жағдайын жақсарту шараларын іске асыру туралы жоспарға сәйкес,үлгілі ұрпақ тәрбиелеп, отырған астаналық әр бес ауданның төрағаларының ұсыныстарымен биыл мерейтойлары болатын 20 отбасымен кездесу өткізуді шешкенін айтып, әрі мұндай іс-шаралардың жиы болуы, қазіргі жастарды тәрбиелеуде маңызды рол атқаратындығына тоқталды.

_ Қарты бар үйдің қазынасы бар деген халықпыз.Бүгінгі іс-шараға келіп отырған ардагерлеріміздің бәрі де өмірдің ыстық суығын көріп, бір шаңырақ астында өмір сүріп, күміс, алтын, гауһар тойға қол ұстасып жеткен жандар. Сонлықтан да бұл кісілердің әр айтқан сөзі мен ақылы бүгінгі жас отбасыларға қашанда үлгі болары анық,-дейді Астана қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button