Елорда тынысы

Екі жақты кездесу өтті

Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің қауіпсіздік жөніндегі консулы Чжи Хэсунмен кездесті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz

Сапар мақсаты екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.

Кездесу барысында хабарлау жүйелері, төтенше жағдайлар кезінде азаматтарды қабылдау пункттері және құтқарушылар қызметінің жұмыс негіздері мәселелері қаралды. Сонымен қатар консул заманауи технологиялар бойынша салынған №23 жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды.

Чжи Хэсун елордада қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін алғысын білдіріп, елшіліктің одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын растады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button