Елорда тынысы

Тегін оқыту вебинарлары мен конференцияларға шақырады

QazIndustry цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бойынша тегін оқыту вебинарлары мен конференцияларға қатысуға шақырады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорындарға цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша тегін оқыту вебинарларын ұйымдастыруды жалғастыруда.

Кезекті оқыту циклі ағымдағы жылдың 18 қыркүйегі мен 1 қараша күндері аралығында өтеді.

Орталық өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен топ-менеджерлерін аталмыш оқыту вебинарларына қатысуға шақырып отыр.

Вебинарлардың негізгі мақсаты – Индустрия 4.0 тұжырымдамасы мен цифрлық технологияларды енгізу туралы түсініктер қалыптастыру, сондай-ақ цифрлық трансформация құралдарын өндірісте қолдану мәселелерін талқылау.

Спикерлер өндірістік процестерді автоматтандыру бағытындағы компьютерлік көру және машиналық оқыту технологияларын пайдалану тәжірибелерімен бөліседі, сонымен қатар ғимаратты басқару жүйелері (BMS), энергетика, ақылды қалалар, суды тазарту және өнеркәсіптің басқа да салаларындағы нақты жобалардың мысалдары арқылы инновациялық технологияларды енгізу туралы ақпараттармен бөліседі.

Вебинарларға қатысу үшін QazIndustry сайтындағы «Индустрия 4.0. Вебинарлар» бөліміндегі арнайы нысанды толтыру арқылы алдын ала тіркелу қажет: https://qazindustry.gov.kz/mission/vebinar/.

Сондай-ақ, оқыту іс-шараларының аясында PcVue бағдарламалық платформасын әзірлеуші француздық ARC Informatique компаниясының ұйымдастыруымен 29 қазанда Астана қаласында (Ibis қонақ үйінде) және 1 қарашада Алматы қаласында (Holiday Inn Express қонақ үйінде) конференция өткізіледі.

Конференция жұмысына спикерлер ретінде PcVue (франциядағы бас кеңсесі және Кавказ бен Орталық Азиядағы жергілікті бөлімшлері), «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «APS» (Қазақстандағы SATEC өкілі) ЖШС және BECKHOFF (Германия) компанияларының өкілдері қатысады.

Конференцияға қатысу тегін. Қатысу үшін арнайы нысынды толтыру арқылы алдын ала тіркелу қажет:

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button